Басты бет / Жаңалықтар /
f9ba79ca5e740b589674c1b7fc3691e9 Алматыда бес адамды атып өлтірген күдіктінің әйелі президенттен көмек сұрады
Видео кадры

Алматыда бес адамды атып өлтірген күдіктінің әйелі президенттен көмек сұрады

Әйел адам жағдай бақылаудан шығып кеткенін айтады.

Мен ол кезде үйде балалармен болғанмын. Жедел жәрдем шақырдық. Бәрі қалай болғанын білмеймін. Мен көрген жоқпын. Тек атыстың даусын естідім. Бірақ сол кезде прокуратура, кезекші келгенде ол заң жүзінде бәрін түсіндіргенде қылмыстың алдын алар еді, түсінесіздер ме? Адамдар зардап шекті. Күйеуім, отбасым зардап шекті. Енді не боларын білмеймін. Біз заңға бағынатын азаматтар екенімізді, президентке миллион рет үндеу жасағанымды бүкіл әлем білсін. Қазір де үндеу жасаймын. Құрметті, президент мырза! Сіз Конституция кепілісіз, менің кәмелетке толмаған балаларымды қорғаңыз. Кішкентай баламның жүрегі ауырады, кеше ұстамасы ұстап қалды. Ал сот орындаушысына бәрібір, ол жедел жәрдем де шақырмады. Біздің қызметкерлердің жемқорлық пен заңсыз әрекеттері туралы мемлекет те, президент, сіз де жақсы білесіз, — дейді Анаида Демирчян.

Еске салайық, 20 қыркүйекте 17.00-де «Ақбұлақ» шағынауданында Алматының Алатау ауданында атыс болған еді.

Үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны — 1967 жылы туған ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған.

Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды.

Күдікті ұсталды. Бүгінде жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Стрельба в Алматы: жена подозреваемого обратилась к Президенту

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook