Басылым хабарлағандай, бұл туралы шешім Түркия мен Еуропа одағы арасында визалық режим мен реадмиссияны жеңілдету туралы келісімге қол қойылуына байланысты қабылданған.
Визалық тәртіп қайта енгізілетін елдер қатарында Қазақстаннан бөлек, Албания, Әзербайжан, Белиз, Босния және Герцеговина, Экватор, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан және Украина сияқты елдердің аттары аталады.
Газеттің жазуына қарағанда, аталмыш шешім Түркияның туристік секторы өкілдері тарапынан әлден алаңдаушылық туғызып жатыр. Елдің отельер және инвесторлар ассоциациясының жетекшісі Тимур Байындыр Түркия азаматтарына Еуропа одағы елдеріне визасыз бару режимін енгізудің маңызы зор болғанына қарамастан, енді Анадолы жерінің өзіне туристердің келу тасқыны күрт азаятынын айтып, алаңдаушылық білдірді.
«Сыртқы істер министрлігі мен мәдениет және туризм министрлігі туристер тасқынын төмендетпеудің алдын алып, тиісті шараларды қолданатын шығар деген үміттеміз», – деді Байындыр.