Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы атыстан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Алатау ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Барлық тиісті көмек пен қолдау беріледі, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін, 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында Алматының Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданында ер адам 5 азаматты, оның ішінде 2 полиция қызметкері мен сот орындаушысын және үйдің жаңа иесін атып өлтірген.

Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.