Алматыдағы атыс: даулы үйдің жаңа иесі қаза тапты

Оқиға бүгін, 20 қыркүйекте сағат 17.00 шамасында болған. Алматының Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданында ер адам 5 азаматты, оның ішінде 2 полиция қызметкері мен сот орындаушысын атып өлтірген.

Жергілікті тұрғын сот шешімімен танысқан соң үйге жүгіріп барып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға аңшы мылтығымен оқ атқан. Бес адам, оның ішінде қызметте болған екі полиция қызметкері мен сот орындаушысы қайтыс болды.

Рустам Әбдірахманов қаза тапқан тағы бір азаматтың бірі осы мүліктің жаңа иесі болғанын хабарлады.