Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» сарапшылары хабарлады.
Бакалавриат түлектерінің арасында нақты мамандықтар бойынша ең жоғары жалақыны «5В074300 Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану» бағытын бітірген түлектер алады – 1 миллион теңгеден астам. Сонымен бірге «5B070800 Мұнай-газ ісі» (338,4 мың теңге), «5В071500 Теңіз техникасы және технологиялары» (298,7 мың), «5B070700 Тау-кен ісі» (276,1 мың), «5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» (257,4 мың), «5B100200 Ақпараттық технологиялар жүйесі» (268,5 мың) мамандықтары бар, — делінген хабарламада.
Ал магистрлерге келетін болсақ, ең жоғары жалақы – «6М052000 Іскерлік әкімшілік» (614,8 мың теңге), «6М051400 Қоғаммен байланыс» (500,7 мың теңге), «6М070700 Тау-кен ісі» (391,6 мың), «6М070800 Мұнай-газ ісі» (386 мың теңге), «6M070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (374,7 мың теңге) бойынша оқуды аяқтағандардың үлесінде.