Коронавирус пен пневмония жұқтырған тағы 61 қазақстандық қайтыс болды

19 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 822 адам коронавирус инфекциясынан (–62 248 + және 8 574 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 13 095 пациент стационарда, 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 041 адамның жағдайы ауыр;
• 264 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 169 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Статистика

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 2 781 адамнан коронавирус анықталды.