Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүрген видеосы жарияланды

Мұрағаттан алынған кадрлар Instagram желісінде пайда болды.

Видео сипаттамасындағы мәліметке сүйенсек, гольф – Нұрсұлтан Назарбаевтың сүйікті спорт түрлерінің бірі. Елбасы әлемге әйгілі саясаткерлермен және бизнесмендермен бірге әртүрлі халықаралық турнирге жиі қатысатын, — делінген хабарламада.

Видеодан Нұрсұлтан Назарбаевтың гольф ойнап жүргенін көруге болады, онда президент Қасым-Жомарт Тоқаев та байқалады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі?? (@elbasy_nazarbayev)

Elbasy.kz сайтындағы мәлімет бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев тенниске де қызығушылық танытады, ол 55 жасында шаңғы тебуді бастаған.