Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 64 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 16 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 74 492 адам (6 006 + және 8 486 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 13 853 пациент, амбулаторияда 60 639 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 105 адамның жағдайы ауыр, 321 пациенттің жағдайы өте ауыр. 194 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 3 343 адамнан коронавирус анықталды.