Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.
Қазақстан президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады, — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.