2021 жылдың 15 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 13,2 миллион гектар жердегі (83,3%) дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерді құрап, 12 миллион тонна астық түсті.
Республикадағы егін егетін негізгі үш өңірде, яғни Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 миллион гектар жер орылып (86%), 8,2 миллион тонна астық жиналды. Бұл аймақтардағы өнімділік гектарына 8,3 центнерді құрап отыр.
Айта кетейік, астық сақтау қоймаларындағы орын былтырдан қалған астық пен биыл жиналатын өнімді сақтауға жетеді.