Жәнібек Әлімханұлы өзінен жанкүйерлері GGG-ді неге жекпе-жекке шақырмайтыны жөнінде жиі сұрайтынын айтты.
Жауап берейін. Ол – менің ағам. Қазақстанда үлкендерді құрметтеу керек, бұл – біздің дәстүр. Кейбір жанкүйер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді құрметтеу керегін бәрі біледі. Бұл – қазақ стилі, – деп жазды Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында.