Басты бетҚоғамАуғанстаннан келген...

Ауғанстаннан келген қазақтар бес өңірдің бірінде қоныстана алады

Мәлімметтерге сүйенсек, Ауғанстаннан келген әрбір отбасына 204 мың теңгеден беріледі. Оған қоса, бір жылға ай сайын баспана жалдау үшін 87 мың 500 теңге қаржылай көмек көрсетіледі.

Жоғарыда аталған жеңілдіктер Ауғанстан қазақтары аталған облыстарға қоныстанса ғана беріледі, − деді Алматыдағы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Бұған дейін олардың Алматыдағы қонақ үйлердің біріне орналасқаны айтылған еді. Олар мұнда 24 қыркүйекке дейін болады. Сол мерзімге дейін қай өңірге барып қоныстанатынын шешуге тиіс.

Үкімет дипломы бар азаматтарға мамандығы бойынша жұмысқа тұруына көмектесетінін, білімі жоқтарды арнайы курста оқытуды жоспарлап отырғанын айтты.

Барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір министрлік тарапынан қай жерге ол кісілерді тұрақтандыратыны туралы жұмыс жүргізіліп жатыр, − деді Данияр Әлкебайұлы.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Қазақстан үкіметі Ауғанстаннан 35 қазақты елге ұшақпен жеткізген еді. Сонымен бірге тәліптер басып алған Ауғанстанда әлі жүздеген қазақ қалған.