Басты бетҚоғамҚай өңірде...

Қай өңірде көпбалалы отбасыларға 2 миллион 200 мың теңгеден берілмек?

Өңір басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен, басқарма басшыларымен «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. ⠀

Кеңес барысында көпбалалы, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұялар тиімді шарттар арқылы жаңа үй ала алатынын жеткізді.

Бастапқы жарна ретінде 1,5 миллион теңгенің сертификаты беріледі. Бұған қоса «Парыз» қорынан 700 мың теңгеден бөлінеді. Бұл «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған ауданы 70 шаршы метрді құрайтын пәтер құнының 22% проценті», – деді аймақ басшысы.

Мәселен, облыста жылжымайтын мүлік нарығында қолданыстағы тұрғын үйдің шаршы метрі – 280 мың теңгеден, ал жаңа пәтер шаршы метрі – 340 мың теңгеге дейін барады.

Мұның жанында біздің ұсынып отырған жобамыз өте тиімді екені анық. Жеңілдетілген шартпен әр шаршы метр 160 мың теңгеге бағаланып отыр. Бүгінгі таңда «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға 1 860 өтінім түсіп, оның 250-і мақұлданды. Өкінішке қарай, жергілікті жерлердегі әкімдер бағдарламаның артықшылықтарын дұрыс түсіндірмейді. Бастапқы жарна ретінде пәтер құнының 22%-і төленетінін, дайын үйге кіре салуға болатынын, несие шарттарының ерекшелігін және үй жанында жеке жер учаскесі болатынын көпшілік білмейді. Бұл жұмысты күшейту қажет. Отбасылардың санын есептеп қана қоймай, олардың әрқайсысымен сөйлесу керек, – деді Даниал Ахметов.