Басты бетҚоғамСыбайлас жемқорлыққа...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы президентке есеп берді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындысы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекшісі президентке мемлекет басшысы жолдауының және тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Марат Ахметжанов агроөнеркәсіп секторындағы субсидиялауға қатысты кешенді талдаудың алдын ала қорытындылары және нақты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу нәтижелері туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдын алу шараларын белсенді жүргізе отырып, жиі кездесетін және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру жұмыстары жөнінде айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Ахметжановқа бірқатар нақты тапсырма берді.