Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату 5 күн бойы эпидемиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен кейін жүргізіледі, − делінген құжатта.
Қаулыда облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, орталық мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға мынадай міндеттер жүктелген:
1) жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау үшін «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайту;
2) ұлттық құрама, клуб командаларына адам санын 30-дан асырмай, термометрияны қолдана отырып, спорттық базада өмір сүру режимі арқылы жаттығуларға рұқсат беру;
3) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға, басқа да қоғамдық орындарға санитария және дезинфекция өңдеуін жүргізу;
4) ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісі бойынша уақыты мен санын шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;
5) кеңестер мен отырыстарды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беру;
6) өңірлердегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беру;
7) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алғаны туралы құжаттама ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беру;
8) әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз ету.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жұмыс пойыздарын қоспағанда, жолаушылар пойыздарының құрамында ортақ вагондарды жасақтауды болдырмасын», − деп жазылған жаңа қаулыда.
Қаулы 13 қыркүйек күні сағат 0:00-де күшіне енеді. Толық мәтінді мына жерден көруге болады.