Басты бетҚоғамОралда ірі...

Оралда ірі қойма өртенді

Төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқыс жағдай 10 қыркүйекте қала маңындағы Желаев кентінде болған. Кезекші бөлімге сағат түнгі 02:12-де қойманың жанып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Белгілі болғандай, «Али» ЖК аумағында металл конструкцияларынан жасалған, негізгі қоймаға жапсарлас орналасқан қойма және қайта өңдеу орнына жөнелту үшін жиналып қойылған макулатураның өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің аумағы 648 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнынан сыйымдылығы 40 литрлік 4 оттегі, 50 литрлік 1 газ баллоны, сонымен бірге 1 автотиегіш дер кезінде шығарылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт құтқарушылардың күшімен (29 қызметкер, 9 техника) сағат 06:36-да толық сөндірілді.