Корей халық демократиялық республикасының құрамасы 23 шілде – 8 тамыз аралығында өткен Токио Олимпиадасына қатысқан жоқ.
Ойындарға тек КХДР қатысқан жоқ. Олар жарғыны бұзды, өз міндеттерін орындамады. Біз КХДР ҰОК-тін 2022 жылдың соңына дейін шеттету туралы шешім қабылдадық. ХОК дисквалификациялау уақытын қайта қарау құқығын өзіне қалдырады, – деді Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетінің YouTube-тегі каналында өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар Томас Бах Солтүстік Кореядағы Ұлттық Олимпиада комитетінің қызметін уақытша тоқтату кезінде ХОК қолдауына немесе оның бағдарламаларының іске асырылуына үміт арта алмайтынын жеткізді.
Егер КХДР спортшылары іріктеу жарыстарының қорытындылары бойынша Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына іріктелсе, ХОК атқару комитеті кейіннен осы спортшыларға қатысты тиісті шешім қабылдайтын болады, – деп атап өтті ол.