Басты бетЖаңалықтарАтырауда Токио...

Атырауда Токио олимпиадасы спортшыларына пәтер мен автокөлік табысталды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Жапония елінің Токио қаласында өткен 16-шы жазғы паралимпиадаға қатысқан жерлестерімізді марапаттады.

Сондай-ақ, Парадзюдодан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Жандос Қияновқа 4 миллион теңге, өзге де аталған додаға қатысушыларға 1 миллион теңгелік сертификаттар табысталды.

Ел құрамасы сапындағы 8 атыраулық спортшының 3-уі ел қоржынына күміс жүлде салған еді.Олар парадзюдошылар: Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина. Ал, Аманжол Жанбота осы спорт түрінен 5-орынды, Нұрлан Домбаев паратаеквондодан 5-орынды, Ержан Сәлімгереев паражүзуден 6-орынды иеленді.

Махамбет Досмұхамбетов
Фото: atr.kz

Сіздер Қазақстанның параспорты дамуының жаңа дәуірі басталғанын көрсеттіңіздер.
Бұл – қажырлы еңбек пен биік намыстың, өршіл руһтың жеңісі.
Ержан Сәлімгерев пен Нұрлан Домбаевтың алғашқы қатысқан паралимпиадасынан 5-6-шы орын алуының өзі — айтулы жетістік!
Әрбір атыраулық параспортшы алтын медальге лайық өнер көрсетті. Сіздердің әрқайсыңыз жеңімпазсыздар!- деді облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Парадзюдодан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Жандос Қиянов Токио төрінде спортшыларымыздың лайықтықты өнер көрсеткенін атап өтті.

Атыраулық спортшылар
Фото: atr.kz

Ал, ел қоржынына алғашқы күміс медаль сыйлаған парадзюдошымыз Әнуар Сариев жеңістің оңайға түспегенін айтты.

Алған медалімді Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арнаймын. Бізге қолдау білдірген әрбіріңізге алғыс айтамын, — деді жүлдегер.