Қызылорда облысы экология департаменті басшысының орынбасары ұсталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Ол 50 миллион теңге сомасында пара алған деп айыпталып отыр.

Ол ЖШС директорынан кәсіпкерлердің пайдасына жасалған іс-әрекеттері және олардың мұнай қалдықтарын қайта өңдеу саласындағы қызметін қорғағаны үшін бұған дейін келісілген 100 миллион теңгенің 50 миллионын алған деген күдікке ілінді, — делінген агенттіктің Telegram-каналындағы жазбада.

Ведомствоның мәліметінше, Бекзат Тілегенов Шымкенттегі ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Кеше оның алдында қызмет атқарған Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы — бас экология инспекторы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2021 жылдың ақпан айында 30 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталды.

ДереккөзHolanews.kz