Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық Алла...

Қазақстандық Алла Важенина Пекин Олимпиадасының алтынын алды

Пекин Олимпиадасында ауыр атлетикадан 75 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын алған қытайлық спортшы Цао Лэйдің нәтижесі ресми түрде жойылды. Атлеттің допинг-сынамасынан бой өсіретін гормон арттырғыш заттар табылған. Енді оның алтын жүлдесі сол жылы күміс алған қазақстандық Алла Важенинаға бұйыратын болды.

Халықаралық Олмпиада комитеті Цао Лэйден бөлек Чэнь Сеся (48 келі), Лю Чуньхун (69 келі) және ядро лақтырушы белорус Надежды Остапчуктың жүлделерін қайтарып алды.

Қайта тексерудің қорытындысы бойынша балға лақтырушы белорус Дарья Пчельник (4-ші орын, 2008), түркиялық ауыр атлет Сибел Симсек (4-ші орын, 63 келі, 2012), әзірбайжандық ауыр атлет Интигам Заиров (6-шы орын, 94 келі, 2012) және армениялық атлет Норайр Варданян (11-ші орын, 94 келі, 2012) секілді спортшылардың нәтижелері жойылды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Зульфия Чинчанло, Мая Манеза, Светлана Подобедова Олимпиада ойындарында алған алтын жүлделерінен айырылып қалған болатын.

ДереккөзBaq.kz