Елімізде ғылымды қаржыландыру көлемі екі есе көбейді

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева айтты.

2020-2021 жылы елімізде ғылымды қаржыландыру көлемі 2 есеге артты. Бүгінгі таңда ғылымға қаржы министрлік арқылы ғана емес, бізбен қатар тағы да 9 орталық мемлекеттік орынға бөлінеді. Биыл қаржыландырудың жалпы көлемі 83 миллиард теңгеден асады. Соның арқасында 2020 жылы тек қана ғылым комитеті 5 грант және 2 бағдарламалық конкурс жариялап, қазіргі таңда еліміз бойынша 1 164 жоба қаржыландырылып жатыр, — деді Жанна Құрманғалиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Ғылым комитетінің төрайымы бұдан қоса, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жас ғалымдарға арналған конкурстар өткізілетінін айтты.

Оның аясында 315 ғылыми жоба іске асырылып, 40 жасқа дейінгі 2 000-нан астам жас ғалым қызмет жасап жатыр, — деді ол.