Басты бетСпортТМД елдері...

ТМД елдері ойындарында қазақстандық боксшылар төрт алтын алды

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы бұл жарыста 26 салмақта (13-і ұлдар, 13-і қыздар арасында) жүлде жиынтығы сарапқа салында, Қазақстан боксшылары соның 21-інде медаль олжалады (4 алтын, 2 күміс пен 15 қола).

48 келіде Анита Адишева өзбекстандық Робияхон Бахтиёрованы, 54 келіде Виктория Байдукова ресейлік Эвита Аверьянованы сенімді ұтты. Сонымен бірге 60 келідегі Ұлжан Сәрсенбек те өзбекстандық Мухлиса Тохировадан басым түссе, ұлдар арасында финалға жолдама алған жалғыз қазақстандық боксшы Мырзахан Мәуленов (66 кг) Беларусь спортшысы Владислав Кузнецовтан мықты екенін көрсетті, — делінген хабарламада.

спорт, бокс, ТМД елдері ойындары

спорт, бокс, ТМД елдері ойындары
Фотолар Мәдениет және спорт министрлігінің сайтынан алынды

Ал Бақыт Сейдіш (70 кг) пен Томирис Мырзақұл (52 кг) финалда қарсыласына жол берді. Алғашқысы өзбекстандық Ойша Тоировадан, екіншісі ресейлік Анастасия Коольден ұтылды.

Қола жүлдеге ие болған боксшылар: Жандарбек Ізбасаров (44-46 кг), Ислам Машкентаев (48 кг), Сұңғат Расулов (50 кг), Нұрислам Қалдыбаев (52 кг), Мадияр Отар (54 кг), Ерасыл Мұстафинов (57 кг), Ерсұлтан Төлеген (60 кг), Әділ Қасымов (63 кг), Әлинұр Өмірбеков (70 кг), Батырхан Сейтенов (75 кг), Нұрасыл Бауыржан (80 кг), Дельфина Әбілхан (44-46 кг), Карина Тоқубай (50 кг), Аружан Жаңабаева (66 кг), Назереке Рысбай (80 кг).

Қазақстан бокс бәсекесінде 15 алтыны бар Ресей мен 7 алтыны бар Өзбекстаннан кейінгі үшінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, сайысқа 2005-2006 жылы туған, яғни 15-16 жастағы жас былғары қолғап шеберлері қатысты.