Чиппен қатар жыл сайын ит пен мысыққа құтыруға қарсы вакцинация жүргізіледі. Спикердің пікірінше, чип – иесіз жүрген иттерді үйге қайтаруға немесе иелерін жауапқа тартуға мүмкіндік береді.
Бұл орайда алматылықтардың үй жануарлары туралы барлық деректер PetControl бірыңғай иттер мен мысықтарды сәйкестендіру деректер базасына енгізіледі.
Үй иттері мен мысықтарын стерилизациялау мен кастрациялау мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады. 2024 жылға қарай Алматыда 28 мың жануар осы процедурадан өтеді.
Бағдарлама үйсіз үй жануарларының санын гуманистік реттеуге бағытталған. Өйткені үй жануарларының ұрпақтары жыл сайын қаңғыбас жануарлардың популяциясын толықтырады. Стерилизация мен кастрация бағдарламасы жылына 2 рет, ақпан мен тамызда жүргізілетін болады, − деді Ә.Жақсылық.
Келесі жылы үй жануарларын тегін стерилизациялау және кастрациялау бағдарламасы 4 мыңға жуық ит пен мысықты қамтуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр. Конкурсқа 51,747 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бағдарламаның басталуы қыркүйектің ортасына жоспарланған.
Алматы қаласында үй жануарларын ұстау мен серуендеу ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын Ерікті жануарлар құқығын қорғаушылар жүргізеді. Полиция мен ветеринарлық қызметкерлер жануарларға зорлық-зомбылық жасаудың алдын алады.