Басты бет / Жаңалықтар /
Жол апаты
Фото: Batys.info

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны қаладан Шұбарқұдық ауылына қарай бағыт алғанын және «ВАЗ-2110» көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қозғалыс бағыты бойынша оң жағына аударылып қалғанын айтты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы алған дене жарақатынан көз жұмды. Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деді ол.

 

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok