Автобустар таңғы сағат 6-ға дейін жүретін болады — Әсет Исекешев

Бүгін Астана қаласында көліктік кешенін дамыту бағдарламасына арналған қоғамдық тыңдаулар өтті. Қала басшысы қоғамдық көліктердің жұмыс уақытын ұзартудан бұрын алдымен олардың жалақысын қарап, аусымдарды реттеп алу керектігін атап өтті. «Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға себеп», — дейді ол.

«Біз жаңа 338 автобусты жеткізгеннен кейін қоғамдық көліктердің қозғалысын түнде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ондай тәжірибе әлемнің көптеген мегаполистерінде бар. Сондықтан біз бірқатар бағдарлардың жұмысын таңғы сағат 6-ға дейін ұзартуды көздейміз. Өйткені таңғы уақытта жұмыс істейтін азаматтар аз емес. Сол себепті алдымен түнгі 12-ге дейін ұзартып көрейік. Дегенмен, ең бастысы, автобус жүргізушілері мәселесін шешіп алған жөн. Олардың жалақысын қарап, екі ауысымда жұмыс істеуін ұйымдастыру қажет. Себебі көлік жүргізушісі таң атқаннан бастап, түнге дейін істесе, жол-көлік оқиғалары жиілеп кетуі әбден мүмкін», – деді қала басшысы.

Қала әкімінің сөзіне қарағанда, бүгінде елордада қоғамдық көлік жүргізушілерінің тапшылығы мәселесі бар. Бүгінде қалада осы санаттағы 1 500 маман жетіспейді.

ДереккөзInform.kz