Әлем бойынша барша адамзаттың басына түсіп отырған пандемияның әсерінен халқымыз экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және рухани қиындықтарға тап болды. Соған қарамастан, біз өз мақсаттарымызды айқын белгілеп, соның жолында нақты қызметтер атқарып жатқанымызды атап көрсетті. Нәтижесінде, осындай қиын кезеңнен аман-есен өтіп, жарқын болашаққа нық қадамдар жасап жатырмыз. Мәселен, бір ғана әлемдік індетке қарсы күресте Қазақстан озық елдермен бәсекеге түсе отырып, «Qazvak» вакцинасының сынақ мерзімінен нәтижелі жетістікке жеткенінің арқасында елімізді ауыр дерттен аман сақтап қалудың әрекетін жасап отырмыз. Барша халықтың денсаулығы, олардың амандығы – мемлекеттің маңызды мәселесі, – деді ол.
Сонымен қатар аға оқытушы президенттің білім, ғылымға жанашырлық танытқанын баса айтты.
Мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы екені белгілі. Дені сау ұрпақ өсіріп, оны біліммен қаруландыра отырып, мемлекеттің дамуын дұрыс жолға қою, өркениетке ілесу – біздің қасиетті борышымыз. Мемлекет басшысы осы тұрғыда денсаулық пен білім саласына ерекше көңіл бөліп, ұстаздар мен дәрігерлерге мейлінше қолдау көрсетіп, ғылымның дамуына айрықша назар аудару керектігін тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жетекші ғалымдарымызға лайықты жағдай жасаудың нақты жоспарларын ұсынды. Ғылыми зерттеу институттарын дамыту үшін олардың сапалы да қажетті жобаларын дұрыс іріктеп, қаржыландыруды құзырлы органдарға тапсырып, бұл саланың дамуына айқын әрі ашық ережесін дайындауды тапсырды. Кез келген өркениетті елдердің дамуы ғылымның әр саласындағы жетістіктерімен өлшенеді. Сондықтан ғылымға жол ашып, оның дамуына жағдай жасалса, еліміздің барлық бағытында оң өзгерістер болатынына еш күмәніміз болмауы керек. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тағы бір тапсырмасы халықаралық олимпиядаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, еліміздің даңқын шығарып жүрген жеткіншектерге тиісті қолдау көрсету туралы болды. Мектеп оқушыларынан халықаралық олимпиада жеңімпаздарына арнайы мелекеттік гранттар бөлінетінін атап өтті. Бізді ерекше қуантқан жағымды жаңалықтырдың бірі осы болды, – деді Ж.Әділханова.
Бұдан басқа, аға оқытушы биылғы жолдауда мемлекет басшысы елдің дамуына, рухани және экономикалық өсуімізге зиялы қауым өкілдерін белсенді болуға шақырғанын айтты.
Халықтық, елдік мәселелерде ауызбіршілік пен ынтымақтастық танытып, ел дамуына адал қызмет етуде рухани күш берді. Жаңа оқу жылының басталуымен үндес болған бұл жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа тың серпін, жақсы рухани қолдау болды. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болатынына және қанымызға тән қайсар мінезімізбен мәңгі жасампаз ел болатынымызға сенеміз! Мемлекет басшысын қолдаймыз!, – деп түйіндеді Ж.Әділханова.