Президент кімдердің қызмет орнын босатуы керек екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауының соңында мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі қажет екенін еске салды.

Мемлекет басшысының саясатына күмәнмен қарайтындар, жұмысын атқара алмайтындар, уақыт өткізіп босқа отыратындар мен президенттің тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар болса, қызмет орындарын босатулары керек. Біз қазір дамуымыздың шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас механизмдей жұмылып жұмыс істеуге міндетті. Тек сонда біз мақсатымызға жете аламыз, — деді президент.