Сәннен шықпайтын 8 киім

1. Джинсы

Джинсы ешқашан ескірмейді және сәннен шықпайды. Сондықтан басты міндетіңіз – қолжетімді бағадағы өзіңізге жарасатын джинсы шалбарлар алып қою. Қонымды джинсының бірнеше артықшылығы бар: сымбатыңызды еселендіреді, балағын етікке салып қоюға ыңғайлы, спорттық бейне үшін кроссовкамен киюге болады, ал кездесулерге үстіңізге әдемі кофта киіп, биік өкшемен үйлестірсеңіз болады. Джинсы әмбебап киімнің таптырмас үлгісі саналады.

джинсы шалбар

2. Кашемир жемпір.

Кашемир жемпір киген сайын танамоншақ немесе басқа да әшекейлер тағып алыңыз. Сапалы, нағыз кашемир арзан тұрмайды, бірақ күтіп кисеңіз ұзақ қызмет етеді. Кашемир заттар бүктелген күйі комод немесе гардеробта жақсы сақталады. Күйе көбелектен қорғау үшін арасына лаванда гүлдерінен саше салып қойыңыз және жылы суда арнайы жүн бұйымдарды жууға арналған сусабын немесе қосымша сабын ұнтағын қосып қолмен жууға тырысыңыз.

сән кашемир жемпір3. Жұмсақ былғары жакет.

Әр қыздың гардеробында кем дегенде бір былғары жакет болуы тиіс. Бұл классикалық үлгідегі пиджак немесе қысқа спорттық былғары күртеше болуы мүмкін. Былғары жұмсақ болған сайын бейнеңіз де биязы әрі сәнді бола түседі. Былғары жакет кең твид немесе ши барқыт шалбарлармен, классикалық джинсылармен жақсы үйлеседі.

сән былғары жакет

4. Ұзын былғары етіктер.

Қонышы кең классикалық ұзын етіктің пайдасы мол. Мұндай үлгідегі аяқ киімді белдемшеден бөлек сәнді букле шалбармен, қысқартылған шалбарлармен, сонымен қатар джерси көйлекпен киюге болады.

сән былғары етік5. Былғары қол сөмкесі.

Әрине, күнделікті ұстағанға арзанырақ нұсқасын да сатып алуға болады, бірақ біз бір рет былғарыдан жасалған сөмке алып қоюды ұсынамыз. Бұл шығын ақталатыны анық. Біріншіден, мұндай сөмкемен офиске де, іскерлік кездесуге де, мейрамхана, қала сыртына серуендеу, кездесуге, яғни кез келген жерге баруға болады. Екіншіден, егер қарапайым жақсы сөмке 10 жылдай қызмет етсе, онда сапалы былғары сөмке өмір бойы қызмет етуге дайын.

сән былғары сөмке6. Тренчкот.

Тренчкоттар мен қысқа плащтар ең үздік маусымдық сырт киім болып табылады. Ол күздің құбылмалы ауа райынан қорғап қана қоймай, сәнді әрі әдемі көрінуге мүмкіндік береді. Бұл классикалық сырт киім әрдайым өзекті, және оны түрлі киімдермен үйлестіруге болады. Сырт келбетті, сонымен қатар, шарф, сөмке, танамоншақ пен белдік сияқты түрлі жарқын аксессуарлармен түрлендіруге болады.

сән тренчкод7. Классикалық туфли.

Соңғы үлгідегі сәнді аяқ киімдерге қызығамыз. Бірақ, арнайы үлгідегі туфлилерге сән 50 жылда бір келеді. Оның орнына кез келген киіміңізге жарасатын бір-екі классикалық туфли алып қойған жөн. Олар аяғыңызда сәнді көрінеді әрі ешқандай жайсыздық тудырмайды.

сән классикалық туфли

8. Кардиган.

Ретро стильдегі киімдер ішінде кардиган көшбасшылар қатарында. Кардиган жаздың салқын ауа-райында көмекке келіп, қарапайым көйлегіңізді құлпыртып жіберетін деңгейде. Кардиганға көзге түсетін әдемі танамоншақпен безендіруге де болады.

сән кардиган

Сіздің гардеробыңызда аталған киімдер бар ма? Сіз қандай киімдер сәннен шықпайды, ешқашан ескірмейді деп ойлайсыз?

ДереккөзМассагет