Мемлекет басшысы құзырлы органдарға тергеу амалдарын мұқият жүргізуді тапсырды

Жамбыл облысындағы төтенше оқиға бойынша өткен шұғыл жиналыста Мемлекет басшысы құзырлы орган басшыларына сотқа дейінгі тергеу амалдарын мұқият жүргізуді тапсырды.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарының мұқият жүргізуді қамтамасыз етсін. Бесінші мәселе, Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдасын, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдарды төтенше жағдай туралы жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді міндеттеді.

Алтыншы мәселе, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдарға оқиға туралы жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдасын, – деді Президент.