Әскери қоймадағы жарылыстан қаза болғандар саны 9-ға жетті

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 4 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді, — деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Төтенше жағдайды жоюға — ТЖМ-153 қызметкер, 46 техника, — ДП-400 қызметкер, 54 техника, — №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 техника, — №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 техника жұмылдырылды. Ұлттық Ұлан-520 адам және 250 адам резервте.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жарылыстан болғаннан бері 3 әскери қызметшімен және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланысу мүмкін болмай тұр.