Жамбыл облысында жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды

Компанияның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қайсар Жұмабайұлы Facebook-тегі парақшасында қазіргі таңда Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Тараз-Луговое жол бөлігінің тақ және жұп бағыттары барлық пойыздар үшін жабылғанын мәлімдеді.

Оған Жамбыл облысындағы темір жол желісінен 250-300 метр аумақта оқдәрілердің жарылуы себеп болып отыр, – деп жазды ол.

Сонымен бірге ресми хабарламада Петропавл – Қызылорда бағытындағы №75 және Маңғыстау – Алматы-2 бағытындағы №75 пойыздары мен тағы 14 жүк пойызы уақытынан кешігетіні айтылған.

Ал жолаушылар пойызының ішінде:

— №41 Алматы-2 – Атырау бағытындағы;

— №11 Алматы-2 – Шымкент бағытындағы;

— №78 Манғыстау — Алматы-2 бағытындағы;

— №24 Ақтөбе – Алматы-1 бағытындағы;

— №002 Шымкент – Алматы-2 бағытындағы;

— №72 Түркістан – Алматы-2 бағытындағы;

— №86 Сарыағаш – Нұр-Сұлтан-1 бағытындағы;

— №22 Қызылорда – Семей бағытындағы.

Толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар теміржол вокзалдарының анықтама бюросына немесе «105» бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуы керек. Айта кетейік, өрт сөндіруші пойыз Шу стансасынан да жөнелтілді.