Видеодан журналистің ғимараттың бірінші қабатындағы лифтіге кіргелі жатқанын көруге болады.
Алайда күзетші оның кіруіне кедергі жасап, әкімдік ғимаратынан көтеріп шығарды.
«Сен — әкімдік пен халық арасындағы көпірсің» дедіңіздер. Мен желпілдеп, жетіп бардым. Әкімдік болса, сіздердің көпірлеріңізді далаға лақтырып жіберді. Бітті. Алматы қаласы Алатау ауданындағы әкімдіктен мәңгі естелік, — деп жазды Ақбөпе Тәңірберген Instagram-дағы парақшасында.
Журналист осы оқиғадан кейін жағдайының жақсы екенін және арыз жазғанын хабарлады.
Телеарна да журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерге қатысты шағым дайындап жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының директоры Алена Горбачева Facebook-те хабарлады.
Ал бұған қатысы Алматы әкімдігі де, Алатау ауданы әкімдігі де әзірше ресми жауап берген жоқ.