Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы үйқамаққа босатылды

Сот елдің бұрынғы премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиевті үйқамаққа жіберу туралы шешім шығарды. Шенеунік шамамен 50 млн сомды (590 мың доллар) төлеу арқылы мемлекетке келтірілген залалды ішінара өтеген.

Еске сала кетейік, ол 2018-2020 жылдар аралығында министрлер кабинетін басқарады. Ал осы жылдың қаңтарында экс-премьер Centerra Gold шетелдік инвесторлары игеретін «Құмтөр» алтын кенішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу ісінде қолға түседі. Сонымен қатар оның сыбайластары мен жақтастары да темір торға тоғытылды.