Дүниежүзіндегі коронавирус: Қытайда 2 миллардқа жуық адам вакцина салғызды

Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 212 миллион 669 мыңнан асты, қауіпті вирустың салдарынан 4 миллион 445 мыңнан астам адам қайтыс болды.

  • АҚШ Pfizer вакцинасын мақұлдады

Пентагон міндетті иммундау туралы жарлық дайындап жатыр. АҚШ президенті Джо Байден FDA-ның Pfizer-BioNTech вакцинасын мақұлдау туралы шешімін құптады және америкалықтарды мүмкіндігінше тезірек вакциналауға үндеді.

COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасы АҚШ-та бірінші болып азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасынан (FDA) төтенше жағдайларда ғана емес, сондай-ақ, жалпы қолдануға рұқсат алды.

  • Мысырда Sinovac Қытай вакцинасының 15 миллион дозасы шығарылды.

Sinovac-Vaxera вакцинасының 15 миллион дозасының жергілікті өндірісі аяқталды, олар қазірдің өзінде вакцинация орталықтарына жіберілді, — деп хабарлады Араб Республикасының денсаулық сақтау және халық министрі Хала Заид.

Оның айтуынша, Египет жыл соңына қарай ішкі нарықтың, сондай-ақ Африканың қажеттілігі үшін шамамен 80 миллион доза көлеміне қол жеткізу мақсатында ай сайын осы вакцинаның 15-тен 18,5 миллион дозасына дейін өндіретін болады.

24 тамыздан бастап барлық азамат осы вакцинамен тегін егіледі, — деді министр Каирде өткен баспасөз мәслихатында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да