Премьер-министр вирус жұқтыру деңгейі біртіндеп төмендей бастағанын айтты

Жағдайы тұрақталған өңірлердегі ведомствоаралық комиссияға демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарауды тапсырамын. Ералы Лұқпанұлы, бұл сіздің бақылауыңызда, — деді үкімет басшысы.

Жалпы, оның айтуынша, елдегі эпидемиология жағдайы жақсарып, вирус жұқтыру деңгейі біртіндеп төмендей бастаған.

Өткен аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды, қазір — 0,93. Сонымен бірге Түркістан облысынан басқа барлық өңір «қызыл» аймақта. Инфекциялық төсектердің толуы 49% және реанимациялық төсектертер — 46%. Барлығы 6,5 миллионға жуық адам бірінші компонентпен егілді, екінші компонентпен 5 миллионнан аса адам егілді. Вакцинация науқанын одан әрі күшейту қажет, — деді Асқар Мамин.