Алексей Цой эпидемиология жағдайының үш сценарийін болжады

Сонымен, пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте тіркелетін жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6 300 жағдайға дейін, қазанда 2 400 жағдайға дейін болады. Шынайы сценарий бойынша, қыркүйекте — 5 300 жағдайға дейін, қазанда — 1 800 жағдайға дейін. Оптимистік сценарий бойынша, қыркүйекте — 4 200 жағдайға дейін, қазанда — күніне 1 300 жағдайға дейін, — деді Алексей Цой үкімет отырысында.

Оның айтуынша, кейінгі екі аптада инфекциялық орындар жүктемесі 12% төмендеген.

Инфекциялық орындардың толуы — 49%, реанимациялық орындар — 46%. Ең көп көрсеткіш Ақтөбе облысында — 68%, Алматыlf — 61% және Алматы облысында — 59%, — деді министр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 жұқтыру дерегі айтарлықтай азайды. Бір тәулікте 5 631 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.