Басты бетЖаңалықтарҰжымдық қауіпсіздік...

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Ауғанстандағы жағдайға байланысты кезектен тыс сессия өткізеді

2021 жылы 23 тамызда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы бейнеконференцбайланыс арқылы өтеді деп жоспарланған. Оның барысында Ауғанстандағы жағдай мен оның ҰҚШҰ-ға мүше елдер қауіпсіздігіне әсері талқыланады, — деді ол.

Айта кетейк, кейінгі апталарда Ауғанстандағы жағдай күрделене түсті, «Талибан» қозғалысы ірі қалаларды басып алды. 15 тамызда бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат көздері шекараның барлық өткелі бақылауда екенін хабарлады. Сол күні содырлар Кабулға кіріп, президент сарайын басып алғанын мәлімдеді.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани «қырғын болмауы үшін» елден кеткенін айтты. 16 тамызға қараған түні «Талибан» қозғалысы саяси кеңсесінің өкілі Мухаммед Наим Ауғанстандағы соғыс аяқталғанын мәлімдеді.