Басты бетЖаңалықтарАуған босқындарының...

Ауған босқындарының елге келуі: ТЖМ желіде тараған құжатты түсіндірді

Құжатта Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдігі «босқындарды орналастыратын орындар туралы ақпарат беруге тиіс» делінген.

құжат ауған босқындары
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді.

Бұл — дайындық жұмысы. Егер бізге басқа елдерден қандай да бір өтініш келіп түссе және мемлекет басшылары деңгейінде осы елге көмек көрсету туралы шешім қабылданса, онда ТЖМ босқындарды қабылдауға дайын болуы керек. Бұл сол жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған түзетулер. Мұны Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға дайындық деуге болмайды, — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.