Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 2 мыңға артып, тестілеуге 36 мың адам қатысты.

Еске салайық, биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға 12 329 грант және бейіндік магистратураға 500 грант бөлінді. «Шет тілі мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Математика мұғалімдерін даярлау» және «Құқық» бағыттары сұранысқа ие болды.

Барлық грант иегері 28 тамызға дейін жоғары оқу орнының виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы ЖОО-ға құжаттарын тапсыруға тиіс.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімімен Білім және ғылым министрлігінің Telegram-каналы арқылы танысуға болады.