БҰҰ өкілі Қазақстанға алғыс айтты

БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілі Алматыда қарсы алу кезінде келген топтың құрамында кімдер бар екенін қысқаша баяндады.

Бүгін БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының өкілдері Алматыға келіп жатыр. Біз Қазақстан үкіметіне көрсеткен қолдауы мен әріптестерімізді осында қабылдау мүмкіндігін ұсынғаны үшін ризамыз. Ауғанстанда жұмыс істеу үшін бүкіл әлемнің әр түкпірінен, Еуропадан, Солтүстік Америкадан жиналған БҰҰ қызметкерлері осында келіп отыр. Олар Ауғанстанға көмек көрсету жұмыстарын әрі қарай жалғастырады, − деді БҰҰ-ның өкілі.

Сонымен қатар ол ұйымның кей өкілі Ауғанстанға осы жақтан қолдау көрсету үшін Алматыда қалатынын, ал басқалары одан әрі өздерінің тұратын елдеріне немесе БҰҰ құрылымындағы агенттіктерінің кеңселері орналасқан елдерге ұшатынын жеткізді.

Өздеріңіз білетіндей, Ауғанстандағы жағдай қазір өте құбылмалы және тұрақсыз. Ұшаққа жету үшін біраз уақыт қажет болды. Біз қазақстандық биліктің көрсеткен қолдауы, сондай-ақ әріптестерімізді осында қабылдау мәселесінде көрсеткен көмегі үшін өте ризамыз, − деді Микаэла Фриберг-Стори.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да