Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2% төмендеді

Әлемдегі ахуал күрделі болып отыр. Дүниежүзінде коронавирус инфекциясының шамамен 208 миллион жағдайы тіркелген. Тәулігіне 480 мыңнан астам жағдай тіркеліп отыр. 4,3 миллионнан астам адам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 6 өңірінің төртеуінде шілде айының екінші онкүндігінен бастап науқастанудың артуы байқалады. Жаңа жағдайлардың айтарлықтай өсімі Америка елдері өңірінде, Тынық мұхитының батыс бөлігінде тіркелген, — деді Алексей Цой.

Министрдің дерегінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше 228 елдің 38-інде аурудың жаңа жағдайлары 50% астам артып отыр.

Кейінгі аптада аурудың ең жоғары өсімі Әзербайжанда байқалды. Бұл елде бір аптаның ішінде ауру 131%, ал Израильде 63, Жапонияда 21% өршіді. Қазақстанда апта ішінде өсім 2% төмендеді, — деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да