Ashyq жүйесін енгізгелі «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 46 067 адам анықталды. Олардың ішінде 29 930-дың ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен екен. Қалғаны — науқастармен байланыста болғандар. Бұл статистика кейбір адамның үйде оқшаулану режимін сақтамай, халық көп жиналатын жерге барып жүргенін көрсетіп отыр. Осылайша, айналадағы адамдарға қауіп төндіреді, — деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Ведомство басшысының айтуынша, шектеу шараларына қарамастан той-томалақ тыйылмай тұр. Ондай жиындарға адам көп жиналады. Ал санитария ережелері сақталмайды.
Осыған байланысты мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді сұраймын, — деді Алексей Цой.
Сондай-ақ, министр эпидемиология жағдайын одан ары тұрақтандыру үшін бернеше ұсыныс жасады. Олар:
- «қою қызыл» және «қызыл» аймақтарда демалыс күнгі локдаунды жалғастыру;
- мониторингтік топтар жұмысын күшейту;
- халықты вакциналаудан көптеп өткізу;
- халық арасында түсіндіру жұмысын күшейту;
- кәсіпкерлер ұсынысы негізінде Ashyq көшбасшылары үшін тиісті талаптарды жетілдіру.
