Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 18 тамыздағы мәлімет бойынша, 120 313 адам (–115 214 + және 5 099 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 30 123 пациент, амбулаторияда 90 190 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 840 адамның жағдайы ауыр, 561 пациенттің жағдайы өте ауыр. 263 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, өткен тәулікте 7 034 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.
