Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 118 адам қайтыс болды

15 тамызда бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 118 адам қайтыс болды.

Оң ПТР-сынамасы бар коронавирустан (КВИ+) 99 науқас қайтыс болды.

коронавирус, 15 тамыз

Коронавирус белгілері бар пневмониядан теріс ПТР-сынамасымен (КВИ-) 19 науқас қайтыс болды.

17 тамызда 120 488 адам (115 712 КВИ+ және 4 776 КВИ -) COVID-19-дан емделуін жалғастырып жатыр, оның ішінде:

  • стационарларда 30 996 пациент жатыр;
  • 89 492 науқас үйде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ- мен ауырғандардың ішінде:

  • ауыр халде — 1 910 пациент;
  • аса ауыр жағдайда — 529 пациент;
  • 251 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.