СІМ: Ауғанстанда дипломаттардан өзге Қазақстан азаматтары жоқ

Ауғанстанда Қазақстан азаматтары жоқ, бәрі елден кеткен.

Қазақстан елшілігі Кабулда жұмысын жалғастырып жатыр. Елші мен қызметкерлер елде қалады.

Еске салайық, «Талибан» қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялады.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Өзбекстанға ұшып кетті. Бұл туралы оның жеке күзетшісі хабарлады.