Қытайдың Sinopharm вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді

ДДСҰ мақұлдаған екпелер вакцинация пунктілеріне жеткізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Бірінші кезекте вакциналар медицина ұйымдарына қарасты егу пунктілеріне жеткізіледі. Сауда ойын сауық орталықтары, сауда үйлері жанындағы әрбір пунктіге БМСК ұйымдары бекітілген. Олар вакцинаны алғаннан кейін бір тәулік ішінде сауда орталықтарының егу пунктілеріне жеткізеді, — деді басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы проблема болмауы үшін екі компонентті бір пункіден алу керегін ескертті.

Біз қала тұрғындарынан вакцинаның екі компонентін де бір пунктіден алуды сұраймыз, бірінші дозаны емханадан немесе сауда орталығынан алсаңыз, екіншісін де аралық уақытты сақтай отырып, сол орыннан алуды ұсынамыз, — деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Қазіргі уақытта астанада вакцинаның үш түрі бар — ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac және енді ғана келген Sinopharm вакцинасы.