Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 123 адам қайтыс болды

Қазақстанда 2021 жылдың 14 тамызының қорытындысы бойынша коронавирустан 98, пневмониядан 25 адам өлді.

16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирус инфекциясынан (114 790 КВИ+ және 4 757 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 31 910 пациент стационарда;
  • 87 637 науқас амбулатория деңгейінде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 1 937 адамның жағдайы ауыр;
  • 507 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 228 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.