Ағылшын тілін үйрену кезіндегі жиі кездесетін қате тәсілдер
Тәжірибем арқылы байқағаным, тіл үйренушілердің ең бірінші кезігетін кедергілерінің бірі — ағылшынша сөздерді анық ажырата алмауы. Бұл көбіне сөздің этимологиясын дұрыс түсінбеген адамдарда жиі болады деп ойлаймын. Тек сөздерді жаттап алып, мағынасын, түп-төркінін түсінбеген адамдарға, әрине қиындау. Ал сөздің түбірін түсініп, ол түбірге жалғанатын қосымшаларды дұрыс ұғатын үйренуші болса, мағынаны бірден ұғуға болады. Жаттағаннан кейін сөзді тәжірибеде қолданған адамдар мұндай мәселеге тап болады деп ойламаймын. Бұл мәселенің шешімі ағылшынша кітап оқудан басталады. Деңгей бойынша бөлінген кітаптар бар. Соларды оқып табатын сайттар бар. Сұраған адамдар болса, ондай кітаптарды бере аламын. Жүктеп алып, сөздік қорын арттырып, оқығанды түсіне алу қабілетін дамытатын болса, нұр үстіне нұр.
Тіл үйренушілердің басым көпшілігі кітап, параграфтарды оқығанда сөзбе-сөз аударғысы келеді. Білмейтін бір сөз кездесіп қалса, тоқтай қалып соны аударады. Мәтінді толыққанды түсінудің орнына, керісінше жаңа сөздерді іздеп кетеді. Ол, әрине жақсы. Тек мына жағдайда: ағылшынша сөзді ағылшынша сөздікпен жаттап, яғни мағынасын түсіну үшін оны контексін, этимологиясын ұға отырып есте сақтайтын болсаңыз, ол пайдалы болуы мүмкін. Ал егер тек ағылшынша-орысша сөздікпен сөзбе-сөз аударып, оқитын болсаңыз, кітап оқуға ынтаңыз кетіп қалады. Жалығу басып, сабақты ары қарай оқу, білімді жетілдіру ынтасы азайып кетеді. Бұған тап болмауға тырысу керек. Мағынаны түсінбей жаттау да — қабілеттерді дамыту барысында жиі кездесетін қате.
Кеңесім — ағылшынша үйрену кезінде деңгейіңіз бастауыш деңгейден көтерілгеннен кейін бірден ағылшынша-ағылшынша сөздіктерге өткен абзал. Бір сөзді жаттағанда оны белгілі сөздермен ассоциация жасап жаттау. Сөздің мағынасын түсіну үшін ағылшынша баламасын оқып барып жаттаған жөн. Сол кезде ағылшынша ойлау, ағылшынша түсіну қабілеттері дамиды.
Listening skills-ті дамытуға пайдалы тәсілдер
Оқушыларыма мынадай ең қарапайым тәсілдерді ұсынамын:
- Ән тыңдау. Тыңдау қабілетін дамытатын кезде адам өзі сүйсіне тыңдайтын композицияны тыңдаса, жалығудан бұрын керісінше қызығушылық пайда болады. Алғашқы этапта адамда эндорфиндердің бөлінуін қалыптастыру керек, яғни ағылшын тілін үйрену түпсанада күшті нәрсе ретінде қалыптасуы қажет. Сол кезде өзін қинап оқуға қарағанда оның дамуы жеңілірек болады. Әдетте баяу әндерді тыңдаудан бастаймыз. 90-жылдары туғандардың көбі Soledad әнін біледі, сол сияқты лирикалық әндерді қосылып айтып, мән-мағынасын түсініп, сезімге беріліп айтса, құлағы жаттығады. Екіншіден, сөзді дұрыс дыбыстайды, сөйлеу қабілетін арттырады әрі сөздік қоры толыға түседі. Осыған бағытталған қадамдар жасалса, listening дамиды.
- Ағылшынша мотивациялық видеоларды көруге кеңес беремін. YouTube-тің ыңғайлы тұсы — видео жылдамдығын баяулатуға, арттыруға болады. Ағылшынша видеолардың 100%-ке жуығының субтитрі болады. Соны қосып көріңіз.
- Жаттығу орындау. YouTube-те арнайы видеолар бар. Белгілі бір сөзді тыңдайсыз, соны қағаз бетіне түсіресіз немесе компьютерге жазасыз. Аздаған уақыттан кейін видеода жауабы көрсетіледі. Естігенді қаншалықты дұрыс жаза алдыңыз — соны тексеруге мүмкіндік бар. Бұл — көбіне емтиханға дайындық барысында қолданылатын методика.
- Аудиоподкаст, мобайл қосымша ретінде көбіне Netflix-ті қолдануға, фильмдерін көруге кеңес беремін. Ол ағылшыншасы кішкене дамыған адамдарға тіпті пайдалы.
- YouTube-тегі ағылшынша ертегі, мультфильмдерді көруге кеңес беремін. Субтитрін қосып көруге болады. BBC-дан бастап түрлі пайдалы подкастарды тыңдауға бейімделіңіз.
- Clubhouse қосымшасын қолдануды ұсынамын. Бұнда подкаст форматында тыңдауға әрі сөйлесуге мүмкіндік бар. Танымал адамдармен, кез келген ағылшын тілінде сөйлейтін адамдармен сұхбат құруға болады.
Құлаққаппен тыңдап тіл үйренудің артықшылығы
Негізгі жазудан, оқудан бөлек, тыңдау қабілетін дамытпаса, өте қиын. Тыңдағанын түсінбесе, өзгелермен коммуникация құру барысында ұға алмаса, үлкен проблема. Сол проблемаға тап болмау үшін ағылшынша көп тыңдауға, тыңдағанды барынша түсінуге тырысуға кеңес береміз. Өйткені төрт негізгі бөлім болса, соның бірі — тыңдалым. Онсыз тілді үйрену мүмкін емес. Грамматиканы жаттап алғанмен, тыңдағанды ұға алмайтын болсаңыз, қиын. Тыңдалым тіл үйренудің алғашқы күнінен бастап дамуы керек.
Тіл үйрену кезінде құлаққаппен тыңдаудың пайдасы өте көп. Оны қолданған кезде әр дыбысты анық естисіз. Гаджеттің сапалы болуы да маңызды. Оны таңдағанда кез келгенін емес, сапалысын алуға кеңес беремін. Тыңдалым барысында ол өте маңызды. Дұрыс дыбысталу, оны дұрыс есту ары қарай дұрыс сөйлеуге қатты әсер етеді. Егер құлаққаппен тыңдап дағдылансаңыз, қате сөйлемейсіз. Өйткені әріптің қалай шығатынын анық естігенсіз, сөздің қалай дұрыс айтылатынын білесіз. Осы тұрғыда құлаққап өте пайдалы.
Шынымды айтсам, осыған дейін оригинал құлаққаптарға онша сенбейтінмін. «Мақтап, жарнамасын асырғандарды не істеймін, одан да көшірмесін алсам болады ғой» деп ойлайтынмын. Сөйтіп, арзан көшірмелерін ала салып тыңдайтынмын. Бірақ содан көп қиыншылық көрдім. Біріншіден, қуаты тез отырады. Екіншіден, кішкене қимылдап қалсаң, өшіп қалады немесе бір құлағы істемей қалады. Қатты мазам кететін. Содан сымсыз құлаққап пайдасыз деп ойладым. Жақында маған HUAWEI FreeBuds 4 құлаққабын сыйға тартқанда қатты қуандым. Былайша айтқанда, оригинал нұсқасын қолданып сынап көргім келді. Жолдасыма «Оригиналды алғанда мағына бар екен ғой. Осыған дейін құнын түсінбеппін» дедім.
HUAWEI-ге өте ризамын. Дәл осы гаджеті сапалы жасалған екен. Дыбысты жеткізуі өте тұнық. Сырттағы шуды басып тастайтын функциясы қатты ұнады. Жан-жағың азан-қазан болып жатқанда, концентрация жасай алмай мазаң кеткенде көмекшің болады. HUAWEI FreeBuds 4 құлаққабы осы тұрғыда мен үшін жаңалық ашты деп айтар едім. Сол себепті HUAWEI-ге де, оны сыйға тартқан азаматтарға да ризамын. Бұдан кейін тек HUAWEI-дің оригинал құлаққаптарын қолдануды шештім. Жолдасыма да соны сыйлауды жоспарлап отырмын.
Тіл үйренушілерге бұл таптырмас гаджет деп ұсынар едім. Әсіресе, үй жұмысымен айналысып жүрген кезде жас оқушыларға подкастар тыңдауға, фильмдер көруге, түрлі жұмысты атқара жүріп, listening skills-ті дамытуға өте тиімді болады.
- Біріншіден, сырттағы шуды басады. Заманауи акустикалық технологиялар арқасында шулы ортада сөйлесуге, музыка тыңдауға мүмкіндік бар. Open-fit ANC 2.0 меншікті технологиясы ашық құлаққаптар үшін арнайы жасалған екен. Ол жоғары сапалы дыбыс пен смартфондарға, басқа құрылғыларға жылдам қосылуды қамтамасыз етеді.
- Екі микрофонның арқасында жүйе қоршаған шуды жоғары дәлдікпен қабылдайды және шуды болдырмауға мүмкіндік береді.
- Өте жеңіл, бір сыңарының салмағы бар болғаны 4.1 грамм екен. Зарядтау корпусын қалтаға салып жүруге өте ыңғайлы, жіңішкелігі 21,2 миллиметр.
- Жылдам зарядталады әрі қуаты ұзаққа жетеді. Гарнитура аккумулятордың бір зарядында шуды белсенді түрде өшіру кезінде 4 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Ал қосулы күйде — 2,5 сағатқа дейін. Меніңше, орташа баға сегментіндегі гарнитура үшін өте қолайлы.
- Корпус құлаққапты 6 есеге дейін зарядтауға қабілетті екен. Шуды естіртпейтін күйде қолданған кезде де, пайдаланушыға кем дегенде 15 сағат дейін жұмыс істейді. «Шуды азайту» өшірілгенде, кем дегенде 18 сағатқа дейін қызмет етеді. Күні бойына емін-еркін қолдануға болады.
Сол себепті HUAWEI FreeBuds 4 тіл үйренудегі сенімді серігіңіз болары анық.