Әйел өзіне және туыстарына паспорт сатып алғанын мойындады.
Кардиологияда жалған төлқұжат алған әйел жатыр. Ол өзіне және туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр. Жасанды желдету аппаратына қосылған, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов.
Басқарма басшысының сөзінше, әйел адам жалған төлқұжат сатып алғаны үшін өкініп отыр.
Құжат Павлодар облысында сатып алынбағаны белгілі болды.