Дәурен Абаев: Қазақстанда орыс тіліне қысым туралы сөз қозғау әділетсіз

Әрине, мұндайға жол берілмейді және өрескел жайт деп есептеймін. Сондықтан құқық қорғау органдары әділетті, құқықтық баға береді. Ресейлік депутаттар наразылық танытқандықтан емес, жалпы елімізде мұндай нәрселердің жолы қатаң түрде кесілетіндіктен солай болады. Кімнің және қандай себеппен кемсіту көргені маңызды емес. Қазақтар, орыстар немесе басқа этнос өкілдері болса да, кемсітілмеуі керек. Азаматтарымыздың көбі ұлтшылдықтың мұндай тұрпайы көріністерін айыптайды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар бүкіл әлемде болып жатыр. Бұл мұндай нәрсені мемлекет қолдап отыр немесе жалпы тенденция ретінде белең алып отыр деген сөз емес. Екі-үш адамның орынсыз әрекеттері арқылы 19 миллион халқы бар елдегі жағдайды бағалауға бола ма? Жоқ деп ойлаймын, — деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, Қазақстандағы орыс тілінің жағдайы туралы эмоцияға беріліп көп дүние айтуға болғанымен, нақты фактілер ондай бұрмалауға көнбейді.

Біздің елімізде халықтың 90%-і орыс тілін біледі. Менің ойымша, бұл — әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Мүмкін Ресейдің өзін және Беларусьтан кейінгі көрсеткіш шығар бұл. Бізде оқушылардың 30%-тен астамы орыс тілінде оқиды. Қазақстан халқының құрылымындағы орыстардың үлесі — қазір шамамен 20%. Бұл тілге деген сұранысты білдірмей ме? Қазақстанда 23 мыңнан астам орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жұмыс істейді. Бұл Орталық Азиядағы басқа елдерге қарағанда көп. Сондықтан Қазақстандағы орыс тіліне деген қысым жасау туралы сөз қозғау әділетсіз, — деді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.